Page 41 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 41

3.  Кез  келген  стиль  мен  екінші  бір  стильді  «құрастырып»
        кию деген не?
            4. Жаңа стильдердің тууына не себеп болды?
            5. Эклектизм ағымы неге әсер етті?
            6. Эклектикалық стильдің басты белгісі не?
            7. Классикалық стильге қандай стильдер жатады?


                      4-тапсырма. Мәтіндегі шет тілінен енген терминдерді теріп жа-
                       зып, мағы насын түсіндіріңдер.


                5-тапсырма. Берілген мәтінді диалогке айналдырыңдар.

            Менің жасым – он бірде. Мен сәнді киінгенді жақсы көремін.
        Ал менің анам – педагог. Оған классикалық стиль ұнайды. Менің
        көршім  –  егде  адам.  Ол  басына  орамал  тартады,  үстіне  мол
        пішілген қамзол киеді. Кең етекті ұзын көйлегі өзіне жарасады.








               Қаратпа сөздер. Сөйлеушінің назарын өзіне аудару үшін
           қаратпа  сөздер  қолданылады.  Мысалы:  Менің  ойлаған
             ойым ның  үстінен  түстің,  Ботагөз.  Осындағы  қаратпа
           сөз  –  Бо та  гөз.  Сөздің  Ботагөзге  арналғандығын  білдіреді.
           Қа ратпа  сөз  сөйлемнің  басында,  ортасында,  соңында  келе
           береді. Қа рат  па сөз сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір ар-
           қылы бө лінеді.
               Қыстырма  сөздер.  Қыстырмалар  өзі  қатысқан  сөйлем-
           дерге сөйлеушінің көзқарасын – күмәнділікті, сенетіндікті,
           өкі нішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екен-
           дігін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Бәсе, солай бо-
           лады  деп  айтып  едім  ғой.  Осында  бәсе  сөзі  сөйлеушінің
           ризалығын  білдіріп  тұр.  Қыстырма  ретінде  жұмсалатын
           сөз дер: мүмкін, сөз жоқ, әрине, шынында, сірә, біріншіден,
           меніңше, сөйтіп, сонымен, т.б.
               Одағай  сөздер.  Одағайлар  сөйлеушінің  сезімін,  көңіл
           күйін (қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын) білдіру
           қа жет болғанда қолданылады. Па шіркін! Дауысы дауыс-ақ
           екен. Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!
           Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады.





                                                                                    39
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46