Page 39 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 39

9-тапсырма. Мұрақ туралы ақпартты пайдаланып, ханның бейнесін
                жа саңдар.

            Мұрақ  –  лауазымды  адамдар  киетін  екі  жағы  қошқар
        мүйізденіп келетін, сән-салтанатқа киілетін қалпақ. Жай уақытта
        киюге  қолайсыз.  Мұрақ  жайында  мақал-мәтелдер  көп.  Мыса-
        лы:  «Хандар киер мұрақты, қараша киер құрақты». Мұраққа
        қарап, халық мансапты адамды айырады. Мұрақ қалпағын ел-
        басы,  төре,  билер  киген.  Мұрақты  оюлап,  өрнектеп,  әртүрлі
        алтын-күмістелген  жіптермен  тігеді.  Ою-өрнек  жібіне  қарай
        мұрақтар жылтырап көрінеді. Мұрақты көбіне той-домалақ, сән-
        салтанатқа киеді.
                                («Қазақтың байырғы салт-дәстүрлері» кітабынан)

                10-тапсырма.  Мәтін  үзіндісін  пайдаланып,  қазақ  халқының  сырт-
                киімдері жайында мәтін жазыңдар.

            Негізгі сырткиімдерге шапан, күпі, тон, жақы, жарғақ, ши-
        дем, ішік, шекпен, кебенек жатады. Қазақ халқының өмір тір-
        шілігінде  осы  киімдерді  тігуде  төрт  түлік  малдың  терісі  мен
        жүні үлкен рөл атқарған.

                11-тапсырма. Төмендегі үзіндіні қорытынды етіп алып, «Сыйлық –
                халық кәдесі» деген тақырыпта эссе жазыңдар. Эсседе түрлі жолдар-
                мен жасалған туынды сөздерді қатыстырыңдар.

            Сыйлық таңдағанда талғам танылады. Сыйлықтың қымбат,
        ауқымды болуы  міндетті емес. Алайда, сыйлық арналған адамның
        талғамына, қалауына сай келуі тиіс. Сыйлықты таңдаған кезде
        өз талғамыңыз бен оған деген қарым-қатынасыңыз көрініс таба-
        тындай болсын.




                                                                                    37
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44