Page 32 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 32

Қыздың  ұзатыларда  киетін  киімі  қымбат  маталардан  тігілді.
                Асыл тастармен әшекейленген желегі бар сәукеле – қыздың оң
                жақта отырғандағы баскиімі.

                                                   (Туркестанские ведомости. 1915. № 251)


                        9-тапсырма.  Тыңдалым  және  оқылым  мәтіндерінен  бұрын  өзің  мән
                        бермеген сөздерді тауып, ұжым болып мағынасына талдау жасаңдар.


                        10-тапсырма. Оқылым мәтініндегі киім, сән тақырыбына қатысты қол-
                        да нылған жаңа сөздерді тауып, жасалу жолдарына түсінік беріңдер.




                                                 3–4-сабақ

                           ұлТТыҚ КИім – бАй ТАрИхИ-мӘДЕнИ мұрА





                    1. «Қазақ халқының ұлттық киімдері көшпенділердің киім үлгілеріне ұқ-
                сай ды» деген пікір бар. Осы пікірге қосыласың ба? Әлде жеткілікті білмей сің бе?
                    2. Сенің отбасыңда кімдер ұлттық киімді киіп жүр?


                        1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мұғалімнің мәнерлеп оқу әдебін есіңде
                        сақта!



                        2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                    1. Мұғалімнің дауыс сазы, әсіресе, қандай сөздерді айтқанда
                ерекшеленді?
                    2. Қазақ  халқының  киімі  басқа  ұлттардан  өзгеше  өзіндік
                қасиетке толы екенін мәтіндегі қандай ойларға сүйеніп айтуға
                болады?


                        3-тапсырма. Суретпен жұмыс.

                    1.  Суреттерге  қарап,  би  мен  батыр  киімдерінің  сал-сері
                киімдерінен өзгешелігін айтыңдар.
                    2.  Малшы  мен  аңшы  киімдерінде  айырмашылық  бар  ма?
                Оны неден көруге болады? Түсіндіріңдер.





              30
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37