Page 27 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 27

Қалай?  Қашан?  Қай  жерде?  Жауап  біреу:  әрқашанда  және
        барлық жерде.
                                                                     (Дейл Карнеги)
                9-тапсырма.  Басқа  адамдардың  жетістіктерін  мойындауды  біз  қай
                жерден бастауымыз керек? Неге біз осыны өзіміздің үй ішімізден бас-
                тамаймыз?
            Олай болса, ата-анаңның не болмаса аға-апаларыңның жетіс-
        тігін бағалап, эссе жазыңдар.

                10-тапсырма. «Сөз тазалығы» деген ұғымға қысқаша сипаттама жа-
                зың дар. Сөз тазалығына нұқсан келтіретін кірме сөздер, дөрекі сөздер,
                әдеби  баламасы  бар  жергілікті  сөздер  тәрізді  нормаға  жатпайтын
                сөздерге мысал кел тіріңдер.

                11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

            Жақсы байқап .....,                     Жүйелі сөз ......
            Жаман шайқап .....                      Сөз қадірін .......,
            Шешенің сөзі .....,                     Өз қадірін ........
            Шебердің көзі ......                    Ең тәтті де ......,

            Жаман сөз,                              Ең ащы да .....
            Жанға кірген ......                     Шешеннің сөзі .......,

            Жақсы сөз,                              Шебердің бөзі ........
            Таптырмайтын ......

            Керекті  сөздер:  сөйлер,  мерген,  тікен,  ем,  киелі,  білмеген,
        білмейді, тіл, ортақ.





               12-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып сұраққа  жауап беріңдер.

            1. «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» тақырыбы бойынша
        не үйрендіңдер?
            2. Сен үшін тақырыптың  құнды жайттары қандай болды?
            3. Өзіңнің және жолдастарыңның білімін бағала (Өз жұ мы-
        сыңа, жолдастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола
        ма?)
            4. Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?
            5. Осы  тақырып  бойынша  тағы  қандай  ақпарат  көздерін
        оқисың?



                                                                                    25
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32