Page 20 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 20

ңыз! Тілегіңе жет! Ата-анаңның көз қуанышы бол! Жол азабы-
                нан сақтасын! Көріскенше күн жақсы! Жортқанда жолың бол-
                сын, жолдасың қыдыр болсын!


                        10-тапсырма. Төмендегі тыйым сөздердің сөйлеудің қай түріне (ауыз-
                        ша ма, жазбаша ма) қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар.
                    Көп  сөйлеме.  Сөйлеп  тұрғанда  есінеме.  Аузыңа  тамақ  са-
                лып  алып  сөйлеме.  Сөйлегенде  тыңдап  отырған  серігіңе  тым
                жақындама. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.




                         11-тапсырма.  «Шығу  парағын»  пайдаланып  төмендегі  сұрақ тарға
                        жазбаша жауап беріңдер.
                    1. Бүгін не үйрендіңдер?
                    2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
                    3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару ке-
                рек?

                                                 7–8-сабақ


                               ТілДіК ҚАрым-ҚАТынАс ТАлАПТАры




                    1. Адамдарға ұнауға мүмкіндік беретін ережелерді білесің бе?
                    2. Тілдік қарым-қатынастағы әдеби нормалар деп нелерді айтамыз?

                        1-тапсырма.  Мәтінді  аудиотаспадан  тыңдап,  қандай  мәселе  туралы
                        екен дігін ойланыңдар.
                    ● Ғалым Р. Сыздық қандай өзекті мәселені көтеріп отыр? Ұжым болып
                талқылаңдар.
                    ● «Орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеу – бәріміздің міндетіміз» деген
                тақырыпта сөзталасқа түсіңдер.


                        2-тапсырма.  «ПОПС»  формуласын    қолданып,  тілдік  қарым-қаты-
                        настағы ережелер туралы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

                    бірінші сөйлем. «Менің ойымша ...»
                    Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін».
                    Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдар-
                мен дәлелдей аламын».



              18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25