Page 18 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 18
адам ондай ерекшеліктерді аңғара отырып, олардың жігін тауып
қолданады.
Сөйлеу этикетіне жататын эмоцияға, экспрессияға бай сөз-
дер тобы – құттықтауға қатысты сөздер. Қазіргі өмірімізде
қуаныш жекелеген адамдарға ғана емес, оның ортаға қатысы
бар. Қыз меттес адамның қуанышты жүзі айналасын жақсы
әсерге бөлеп, көңілін көтереді. Ондай адамның қуанышына
әрдайым ортақтасып, адамдар ықылас тілегін білдіреді. Әсіресе,
жасы үлкен кісілер үйленген жастарға «Қосағыңмен қоса ағар!»,
«Босағаң берік, шаңырағың биік болсын!», «Қадамдарыңа гүл
бітсін!», «Нұр жаусын!» деп ақ тілеу, адал ниеттерін білдіріп
жатады. Шын көңілден шыққан сөз жүрек тебірентеді.
Құттықтау сөздер экспрессия, эмоцияға бай болса, сөздің
де әсерлі болатыны белгілі. Кейде сөздің қолдану аясын сара-
лай білмесек, ондай әсерді әлсіретіп аламыз. Мәселен, өзіңіз
қадірлейтін қарияны: «Еңбек демалысына шығуыңызбен!» деп
құттықтамас едіңіз. Себебі, мұндай сөз орамының көбіне ресми
стильде, ісқағаздар тілінде қолданылатынын сезінесіз. Сөзіңіз
бейтарап шықпас үшін «Құрметті демалысыңыз құтты бол-
сын!» тәрізді еркін сөз орамдарының бірін талғайсыз. Бұл – өте
орынды талап. Өйткені, құттықтау сөзіне аса қажет эмоция,
экспрессияға сөз тосын, құлаққа салқындау естілуі мүмкін.
● Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, мағынасын сөйлеу жағдаятына
қарай түсіндіріңдер.
● Мәтіндегі антоним сөздерді тауып, мағынасына және тұлғасына қарай
талдаңдар.
16