Page 8 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 8

4-тапсырма.  Оқылым  мәтініндегі  дауысты  дыбыстарды  теріп  алып,
                        оларды мына кесте бойынша толтырыңдар.


                   Тілдің қатысына         Жақтың қатысына             Ерін мен езудің
                          қарай                    қарай               қатысына қарай

                 жуан         жіңішке      ашық        қысаң        еріндік      езулік

                        5-тапсырма.  Төмендегі  жұмбақ  өлеңдердің  шешуі  қай  дауысты  ды-
                        быстар екенін айтыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып
                        көріңдер.

                    Құмайда бар, суда жоқ.             Биікте бар, ойда жоқ.
                    Тұманда бар, буда жоқ.                  Киікте бар, қойда жоқ.
                                                            («Әріптер әлемінде» кітабынан)

                        6-тапсырма. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді
                        бір  бөлек,  езулік  дауыстылары  бар  сөздерді  бір  бөлек,  еріндік  пен
                        езулік аралас келген сөздерді бір бөлек кестеге салып жазыңдар.

                                  Бота отырып шіреніп,
                                  Борсық айдап кемені.
                                  Бытпылдықтап бір елік,
                                  Бура мініп келеді.
                                                            («Әріптер әлемінде» кітабынан)








                                              Үндестік заңы
                       Қазақ  тілінің  дыбыстары  сөз  ішінде  және  сөз  бен  қо-
                   сым шаның,  сөз  бен  сөздің  арасында  бірімен-бірі  үйлесіп,
                   ыңғайласып келіп отырады.
                       Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы
                   деп атаймыз.
                       Түбір буынның жуан және жіңішкелігіне қарай қосым-
                   шаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылады.
                   Мысалы: балалар, үйлер, ауылға, көшеде, сыртта, т.б. Бұны
                   буын үндестігі дейміз.







               6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13