Page 7 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 7

түсіп  қалып  айтылады.  Жазғанда  сақталады.  Мысалы:
           Сарыарқа – Сарарқа, бола алады – болалады, айта отыр –
           айтотыр, т.б.
               Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан (а, о, ұ,
           ы, у), жіңішке (ә, ө, ү, і, е, э, и, у) болып бөлінеді. Жақтың
           қа тысына қарай ашық (а, ә, о, ө, е, э), қысаң (ы, і, и, у, ұ,
           ү) болып бөлінеді. Еріннің қатысына қарай еріндік (о, ө, у,
           ұ, ү), езулік (а, ә, е, э, ы, і, и) болып бөлінеді.




               3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

            2000 жылдары «Мұстафа Шоқай деген атамыз туралы жаза-
        мын» деп Түркиядан Әбдуақап Қара деген жігіт келді. Мен бір ап-
        тадай қасында жүріп, көмек көрсеттім. Елге жақсылық жасасам
        деген ниетпен күресін тоқтатпаған Мұстафа Шоқайдың тағдыры
        маған  қатты  әсер  етті.  2001  жылы  Иманғали  Тасмағанбетов
        келіп, Ножан-сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқайға ескерткіш
        тас қоюға болады деген рұқсат алатын болды. Қазақтар жинал-
        сын деген соң біз бәріміз жиналып бардық. Сол жерде Иманғали
        қазақша  сөйлеп,  оны  аудармашы  аударып  тұрды.  Бұған  дейін
        келген көп басшының бәрі тек орысша сөйлейтін. Ана тілімізде
        сөйлеп тұрған қандасымызға қарап, біз егіліп, жылап тұрдық.
        Көп  ішінде  қазақ  екенімізбен  ерекшеленейік  деп,  шапан  киіп
        барған  едік.  И.  Тасмағанбетов  Ножан-сюр-Марн  қаласының
        мэріне  шапан  жапты.  Жан  Жак  Поль  Мартэн  бағанадан  бері
        біздің  шапан  киіп  тұрғанымызды  байқаған  болуы  керек,  мені
        жанына шақырып алып:
            – Сен қазақсың ба? – деді.
            – Иә, – дедім.
            Мэр:
            – Енді мен де қазақ болдым. Кел, екі қазақ бірге тұрып, су-
        ретке түсейік, – деді.
             Екеуіміз қатар тұрып, суретке түстік. Жак Мартэнің шапа-
        ны әлі күнге дейін әкімшілікте ілулі тұр.

                                                                  (Көпжасар Дініш)

            ● Мәтінде негізгі ақпарат не туралы?
            ● Мұстафа Шоқай кім?
            ● Жиналған көпшілік не үшін жылады?
            ● Халықты сыйлауды білдіретін қандай қосымша ақпарат бар?




                                                                                     5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12