Page 48 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 48
Төл сөз бен төлеу сөз
Төл сөз. Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі баян-
дап отырған мәселеге байланысты басқа біреулердің сөзін
келтіретіні болады. Мысалы: Абай: «Бес нәрседен қашық
бол, Бес нәрсеге асық бол», – деп адамдық, адамгершілік
жайын қозғайды. (з.Ахметов). Біреудің сөзінің өзгеріссіз,
дәл сол күйінде берілуін төл сөз дейді. Төл сөз тырнақшаға
алынып не алдынан сызықша қойылып (диалогте) жазыла-
ды. Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы
бөлінеді.
Төлеу сөз. Біреудің сөзі сөйлеуші тарапынан өзгеріске
ұшырап, тек мазмұнын ғана сақтап жеткізілуін төлеу сөз
дейді. Мысалы: Абай бес нәрседен қашық болу керектігін,
бес нәрсеге асық болуды айтады. Мұнда біреудің сөзі автор
сөзімен ажыратылмай, біртұтас сөйлем құрамына енеді де,
төл сөз бен автор сөзі тыныс белгімен бөлінбейді.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Қазақ халқының бала бағуға байланысты ғұрыптар ке ше-
ніндегі шілдеханадан бастап, кіндік кесу, баланың қарын ша-
шын алу, бесікке салу, қырқынан шығару, тоқым қағу, тұсау
кесу сияқты толып жатқан этнографиялық салттар отбасылық
мерекеге айналады.
Отбасылық ғұрып фольклорының ішіндегі жұртты ынтық-
ты ра тәнті ететін көркем де күрделі саласы – үйлену ғұрпына
қатысты жырлар. Бұған «Той бастар», «Жар-жар», «Сыңсу»,
«Беташар», «Неке қияр» сияқты танымал жанрлық түрлері жа-
тады. Дәстүрлі ұғымда үйлену тойы тек қыз бен жігіттің немесе
ата-ананың ғана қуанышы емес, ол бүкіл ауылдың, аяқ жетер
ағайынның, ұлыстың, қала берді, бүкіл елдің тойы болған.
«Беташардың» да негізгі міндеті келінді елге таныстыру ғана
емес, жаңа жұрт, жаңа ортаны келінге таныстыру, кімнің кім
екенін білдіре отырып, олардың туыстық арақатынасы, мінез-
құлық ерекшеліктерінен хабар беру.
46