Page 49 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 49

Отбасылық  ғұрып  фольклорының  ең  көне  де  мән-мазмұны
        терең,  көрікті  жанрлық  түрі  –  азалау  ғұрып  жырлары.  Аза
        тұту ғұрпына байланысты фольклор естірту, көңіл айту-жұбату,
        жоқтау деп аталатын үш ішкі жанрлық түрден тұрады. Естірту –
        аты айтып тұрғандай қазаны, суық хабарды етжақын адамдарға
        жұмбақтай, жұмсартып, жеңілдете, шым-шымдап жеткізу. Оның
        қазақтағы  ең  тамаша,  көркем  үлгісі  –  өлім  хабарын  күймен
        жеткізу дәстүрі.

                                                           (Кенжехан Ісләмжанұлы)


                5-тапсырма.  «ПОПС»  формуласын    қолданып,  мәтіндегі  ақпараттар
                бо йынша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

            бірінші сөйлем. «Менің ойымша ....»
            Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін».
            Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдар-
        мен дәлелдей аламын».
            соңғы  сөйлем.  «Осыған  байланысты  мен  ...  деген  шешімге
        келдім».

                6-тапсырма. Мәтіннен төл сөзді тауып, төлеу сөзге айналдырыңдар.
                Тыныс белгілерінің қойылуындағы өзгерістерге зер салыңдар.

          Төл сөз                    Төлеу сөз               Түсініктеме










                                                                                    47
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54