Page 52 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 52
5-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар.
Бір мезетте үлкен ақ үйдегі күйеулер тобы да далаға шыққан.
Жас жігіттер, әсіресе, мұндай салтанатты бұрын көрмеген Ыбы-
райдай татар мырзалары аузын ашып тұрып қалыпты. Осы
топтың ішінде Күдерінің өзі де тұр еді. Әлі күнге дейін беті-жүзін
анықтап көре алмаған, қазір күміс ер-тұрманды ақжал жирен нің
үстінде тайпалтып бара жатқан қалыңдығы Айжанды басқалар-
ға ұқсамайтын өзгеше сәнінен, басындағы биік сәукелесінен ғана
шырамытқандай болды. Оған мына аққу қыздар ешкімді шеніне
келтірмесе, тым тәкаппар, асқақ көрінді.
Қыздар тобы ауылдан шыға бере ән бастаған. Бұл қазақ дәс-
түрінде «сыңсу» деп аталатын, өзінің әні мен сөзі бар бір әсем саз
еді. Кейде өнерпаз жастар сөзін өздері жандарынан шығарып,
құбылтып та айта береді. Бұл – жатжұртқа ұзатылып бара жатқан
қыздың туған жер, өскен елмен, ата-ана, құрбы-құрдаспен
қоштасу жыры. Даусы ашық өнерпаз, әнші қыздар қалыңдықты
ортаға ала, қатар үн созып, сыңсып бір шырқағанда, сахарада
соны ести тұрып, «әттең дүние-ай» деп күрсінбейтін, көңілі бо-
сап егілмейтін бір пенде болмайды. Қазір де Айжан, Ырысқан
бастатқан алты қыз топ алдында сап түзеп, сондай ескілікті
әндердің бірін бастап кетіп еді.
(Қабдеш Жұмаділов)
● Мәтіндегі қандай ақпарат сені толғандырды?
● Мәтінде ауыспалы мағынада қолданылған сөздер бар ма?
6-тапсырма. Сыңсу қазіргі қазақ дәстүрінде бар ма? «Дербес пікір»
жазу тәсілін қолданып, пікірлеріңді жазыңдар (уақыт мөлшері: 7–8
минут).
1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен
тұру керек.
6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.
50