Page 55 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 55
− қазақ әдебиетінде суреттелген ас өткізу салтанатынан де-
ректер келтіру;
− өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу.
Есте сақта!
Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы
тура мағына деп аталады. Мысалы: адамның көзі, сиырдың
тілі, құстың аяғы, қойдың басы, т.б.
Ауыспалы мағына деп сөздің тура мағынасының не-
гі зінде туып, өрбіген келтірінді мағынасын айтамыз. Мы-
салы: бұлақтың көзі, ана тілі, жиналыстың аяғы, таудың
басы, т.б.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш
мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан
туындайды.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген ақпараттарды мазмұндаңдар.
Қазақстанның 14 облысында және қалаларында қазақ, татар
және башқұрт халықтарының көп ғасырлық тарихы бар сабан
тойы, әндері, билері және спорттық ойындары өт кі зіледі.
53