Page 56 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 56

Корей халқында үш мерекенің аталып өтуі міндетті: бірі –
                баланың туған күні, екіншісі – үйлену тойы, үшіншісі – мүшел
                тойы (алпысқа келу). Бұл халықта да құда түсу, құда-құдағиды
                құрметтеу,  қалыңдық  таңдау,  көрімдік  беру,  үйлену  тойын
                бірлесіп өткізу тәрізді салт-дәстүрлер бар.
                    Корей  халқының  кейбір  мерекелері  жыл  мезгіліне,  шару а-
                шылыққа байланысты (көктемнің басы мен егін салу кезі, егін
                орағының басталуы) өткізіледі. (З. Бейсембаев)
                    Дүнгендердің келін түсіру ырымдарында қазақтарға ұқсастық
                жағы бар. Оларда да дастарқан толы түрлі тағам беріліп, жағалай
                отырған көңілді адамдар насихат сөздер айтысады. Шашу шашы-
                лады, ырым, жол-жоралғылары жасалып, жас отауға  тілектер
                айтылады. (Ә. Дайрабаев)
                     Ұйғырлардың отбасында ең үлкен үш қуаныш арнайы той-
                ланады.  Олар  –  нәрестенің  дүниеге  келуі,  ер  баланы  сүндетке
                отыр ғызу, үйлену тойы.
                    Жастардың  тұрмыс  құруы  ата-ананың  ұйғаруы  бойынша
                іске  асырылған.  Ұйғырларда  жастайынан  айттырып  қою  да
                болған.  Қызды  қолдан  ұзату  ата-ана  үшін  үлкен  абырой  сана-
                лады. Қызды алып қашу деген болмайды. Кіндік шешелікке ел
                құрметтеген  адамдарды  шақыру  дәстүрі  әлі  күнге  сақталған.
                (Ш. Майғаранова)

                        4-тапсырма. Оқылым мәтініндегі Қазақстан халықтарының ортақ салт-
                        дәстүрлерін әңгімелеңдер.

                        5-тапсырма. Қандай салт-дәстүрлерді құндылықтар деп есептеп, жаң-
                        ғы руын қалайсыңдар? Дәлелмен сөйлеңдер.


                        6-тапсырма. «Ашамайға мінгізу». Салтты  өткізудің нұсқаулығын жа-
                        са. Нұсқаулықта мәтіндегі ақпараттарды пайдалан.

                    Ашамайға  мінгізу.  Баланың  сана-сезімін  жетілдіру  үшін
                жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу сал-
                танаты. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң, оған  жеке
                тай  атап,  балаға  арналған  «ашамай»  деп  аталатын  ер  жаса-
                тып,  қамшы  өріп  «сен  азамат  болдың»  деген  сенім  ұялатып,
                үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді.
                Бұл  баланың  көңілін  өсіреді,  басқа  балалар  алдында  мерейі
                көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке,
                адамгершілікке  тәрбиелеу  –  осы  ашамайға  мінгізу  арқылы  да
                көрінеді. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға
                мініп, жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.




              54
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61