Page 53 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 53

7-тапсырма. Мәтіннің тәрбиелік және эстетикалық мәнін ұжым болып
                талдаңдар.
            Көп ұзамай оқшауырақ тігілген қалыңдық отауының жаны-
        нан қызылды-жасылды киінген қыз-келіншектер шоғыры дүрк
        етіп қозғалып кетті. Қастарында тай-құнанға мінген жасөспірім
        балалар,  жол  бастайтын,  ат  ұстайтын  бірен-саран  атқосшы
        жігіттер бар, жиын саны жиырмадан кем болмас. Бұл өзі қарауға
        көз тоймайтын қызық та сәнді топ еді. Күн нұрына шағылған
        күміс ер-тұрманды, кілең сәйгүлік ат мінген үкілі қыздар – бей-
        не көл бетінен көтеріліп ұшқан аққулар секілді. Олар екі-екіден
        сап түзеп, шеру тарта жөнелгенде, Тасболат би мен Айтолқын
        бастатқан үлкендер де тайлы-тұяғы қалмай сыртқа шығып, та-
        машасына қарап тұрды.
                                                                (Қабдеш Жұмаділов)

                8-тапсырма. Мәтіндегі көңіл толқытарлық жағдаяттар қандай сөздер-
                дің көмегімен берілген. Суреттеп жаз.

                9-тапсырма. Өздерің білетін мақал-мәтелдерді төл сөз етіп қатыстырып,
                сөйлем құраңдар. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып, тыныс белгідегі
                өзгерістерді табыңдар.





               10-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазыңдар.

            бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе
        қандай болды?
            балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
        жасадым?  Кімді риза қылдым?
            Ортан  терек  –  ойлану.    Мен  бүгін  ауыспалы  мағыналы
        сөздерді қолдана алдым ба?
            шылдыр  шүмек  –  шынайылық.  Сабақ  маған  ұнады  ма?
        Неліктен?
            Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
        қалай сезіндім?












                                                                                    51
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58