Page 24 - Просвещение 2020
P. 24
«Ағарту». «Просвещение» 2020
Байсеитова Умиткуль Джумабековна
Қашықтан оқу жағдайында бастауыш сынып оқушыларына
саралау тәсілдерін қолдану
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 желтоқсанында бекітілген «Цифрлық Қазақ-
стан» мемлекеттік бағдарламасында орта білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру міндеті көз-
делген. Қазіргі төтенше жағдайда оқушылар мен ұстаздардың цифрлық сауаттылық деңгейі сынға тү-
сіп отыр.
Қашықтан оқыту қажеттілігі туындап, осы салада оқыту әдіс-тәсілдері де осы оқыту жүйесіне
бейімделіп жатыр.
Алайда, бұл жағдайда да балалардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отырған
жөн. Қашықтан оқыту бастауыш сынып оқушыларына сынақ болып отырғаны құпия емес. Себебі қа-
шықтан оқу әр бала тек қана пәндерден білімін жетілдірумен қатар, ақпараттық технологияларды қа-
жетті деңгейде қолдана білуі керек.
Қашықтан оқыту мұғалімнің едәір уақытын алса да, мұғалімге көптеген мүмкіндік береді, әр
баламен жеке жұмыс атқаруға өте қолайлы.
Осы тұрғыда саралап оқыту кең көлемде орын алады. Саралап оқытуда оқушының даярлық
деңгейі ғана емес, сонымен қатар оқу мүмкіндіктерін ескеру өте күрделі міндет. Қашықтан оқытуда
саралап оқыту дегеніміз жеке оқытумен тең. Осы тұрғыдан қашықтан оқытудың өзінің оңтайлы жақ-
тары бар.
Ең алдымен, оқышаларды оқу мүмкіндігіне, даярлық деңгейіне, ойлау қабілетінің жылдамды-
ғына қарай бөліп тапсырма ұсыну тиімді.
Ойлау қабілетіне қарай бөлуде Блум таксономиясына жүгінуге болады. Егер де бір бала кез
келген оқиғаны, кейіпкер әрекетін бағалай білсе, басқа балаға ұсынылған үлгі бойынша қолдану дең-
гейінде әрекет жасау қиынға соғады.
Қашықтан оқытуда бір тапсырманы саралау әдісі арқылы ойлау қабілеттері түрлі оқушыларға
жеке ұсынуға болады.
Мысалы, жиі қолданатын жұмыс түрі ол – мәтінмен жұмыс. Егер сұрақ жұмысы қарастырылса,
онда жеңіл деңгейге – оңай сұрақтар құрастырып, орташа деңгейге – аралас сұрақтар, ал қиын деңгейге
– жуан сұрақтарды қолдануға болады.
Мысал ретінде 4 сыныпта келесі мәтінмен жұмыс істеу барысында сұрақтарды келесі үлгіде саралап
беруге болады.
Мәтін: «Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарларды алыстан телескоппен бақыладым. Міне,
қызық! Күннің айналасында ғаламшарлар түзу сызық бойымен Күнді айналады. Олар сымдағы дөңге-
лек моншаққа да ұқсайды. Меркурий мен Шолпанды жерден бақылау өте қиын.Астрономдардың
зерттеуінше, ғаламшарлар
Туралы мынадай мәліметтер бар:
- Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар.
- Ол – ең күрделі сақиналары бар ғаламшар.
- Жердің табиғи серігі – Ай.
- Ең қызығы Шолпан басқа ғаламшарларға қарсы айналады.
- Шолпан – Күн мен Айдан кейінгі ең жарық ғаламшар».
24