Page 23 - Просвещение 2020
P. 23

«Ағарту». «Просвещение» 2020



        қандай  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  болады,  қалай  сабақты  дұрыс  ұйымдастыруға  болады  деген
        сұрақтарды шығарды.
              Кемшіліктердің  ішінде  келесі  де  кездеседі:  кейбіреу  оқушылар  формальды  түрде  сабаққа
        қатысып, бір нәрсені ұқпаса, ортасында болған үлкендеріне тапсырмаларын орындатып, мұғалімге
        жібереді. Видео арқылы жіберген үй тапсырмалары да «әр-түрлі тәсілдер» арқылы түсіріліп, оқытуды
        қабылдау көзқарасынан сапасыз болуы мүмкін. Əрине, барлық оқушылар оқымайды деп айтуға бол-
        майды, бірақ бірнеше нашар оқитын оқушыларым тоқсанның соңында формальды жақсы нәтижеге
        жетті (анық білемін, тапсырмаларын атасы, әжесі, әпкесі орындағаннын). Сондықтан, оқытудың са-
        пасы да төмендейді. Бірақ сонымен қатар, кейбір ата-аналар тақырыпты толығымен ұғып алып, керек
        болса өткізген сабақтың видео нұсқасын бірнеше рет қарап, одан кейін мұғаліммен WhatsApp арқылы
        байланысқа  шығады,  сұрақтарын  қояды,  өз  табыстарымен  мақтанады,  бізге  де  рахметтерін  айтып
        жүреді.
              Əрине, біздің жұмысымызды дұрыс бағалап, қолдау көрсеткен жағдайда, нәтижесі де қуантады!
        Қортыңды  жасасақ,  келесі  тұжырымды  көріп  қалуға  болады.  Əрине,  күнделікті  өмірде  бала  үшін
        мектеп – білім ұясы. Мектепте бала білім ғана емес, тәрбие де алады, коммуникацияға да үйренеді,
        қарым-қатынас құруды үйренеді, дау-жанжал, қақтығыс болған жағдайда дұрыс мәселені шешуге, си-
        туациядан ысырапсыз шығуға үйренеді, дос болуға үйренеді, керек болса «иә», «жоқ» деп айтуға үйре-
        неді, өз туған ұясынан шыққанда өзіне жауапты болуға үйренеді. Осындай білімді бала ешқандай басқа
        топта ала алмайды. Сондықтан, мектептің орыны өте маңызды.
              Ал бүгінгі күнделікті өмірдің көрсеткіші - әр түрлі вирустар, олардан кейде осылай ғана (каран-
        тин арқылы) құтқарыну болады. Осы жағдайға біздің қоғам дайын болу керек: сол себептен ұстаз-
        дарды алдын-ала барлық жаңа технологияларға байланысты білімдерін курстар арқылы, онлайн кур-
        стар арқылы, көзбе-көз оқу арқылы үйрету керек, осы төтенше жағдай барысында қабылдаған білім-
        дерін бір жүйеге келтіру керек. Ал оқушылармен осы жолы психологиялық мотивациялау жағынан
        өте үлкен жұмысты ата-аналар өткізді. Қазір оқу жүйесі өз қалпына келгенде, осы жұмысқа клас же-
        текшілер, психологтар, мектеп әкімшілігі де қосылу қажет. Сөз жоқ, бүгінгі таңда мотивацияланған
        адам  үшін  қашықтық  оқу  –  озат  оқу  деп  айтуға  болады.  Ал  мектеп  оқушының  ішінде  барлығы
        қашықтық оқуды дұрыс қабылдайды деп айтуға әлі де ертерек. Қазіргі күннің сұранысына дайын бо-
        лайық, әріптестерім! Іске сәт!

                                           Касимова Хамила Избасаровна
                                        Абдимусаева Кулайхан Амзебековна
                                                     Байсеитова Умиткуль Джумабековна
                                                  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
                                               «ПШО»  Шымкент қ.  филиалының тренерлері
                                   Қашықтан оқу жағдайында бастауыш сынып оқушыларына саралау
                                                               тәсілдерін қолдану




                                   Касимова Хамила Избасаровна






        Абдимусаева Кулайхан Амзебековна




                                                                                                              23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28