Page 22 - Просвещение 2020
P. 22

«Ағарту». «Просвещение» 2020



              -«оқушы –мұғалім-ата-аналар» үшбұрышының бірлестігі осындай оқыту барысында жақсы өр-
        биді. Карантин уақытында ата-аналар да үйде отырды, интернет арқылы байланысты ұйымдастыруға
        көмектесіп, олар да сабаққа қатысып жүрді. Осы жағдайда мұғалімнің сұранысын анық білген ата-
        аналар өз балаларына жақсы көмектесе алады; олар да оқытудың белсенді қатысушы болды. Көктем
        тәжірибемде  осы  байланысқа  мен  өзім  қатты  қуандым,  өйткені  ата-аналардың  көбі  сабаққа
        шығармашылық көзімен қарап, қалай мұғалім берген білімді балама толық қабылдауға көмектесемін
        деп ойланып, әр-түрлі тәсілдерге сүйеніп, өзіммен кеңесіп, тақырыпты дұрыс бойына сіңіруге жағдай
        туғызды;
              - бірінші артықшылықтан екінші артықшылық туындайды: оқушының жанұясы мобильді болуға
        қолайлы жағдай пайда болады.
              Олар қай жерде интернет байланысы бар, сол жерде уақытша тұра береді. Мысалы, осы карантин
        мезгілінде кейбір отбасылар жер үйде тұруды таңдап, жиналып, ауылға барып, сол жерден балаларын
        сабақтарға қатыстырып жүрді. Баланың денсаулығы үшін кез келген уақытта есік алдына шығып, таза
        ауамен демалу, табиғатпен байланыста болу  -  өте елеулі нәрсе (әсіресе, қашықтық оқу барысында
        оқушылар  компьютердің  алдында  көп  уақыт  өткізгендіктен,  осы  мәселе  өте  маңызды).  Ал  сабақ
        уақытында  компьютердің  алдына  отырып  алып,  оқуға  қатысып  жүреді;  x  келесі  артықшылыққа
        көшсек, ең басымды жетістік деп айтуға болады: қазіргі заманда бала білімді өздігінен алуға үйрену
        керек, сол мақсатты осы дистанционді оқытуда жоспарлауға, үйретуге және де жетуге мүмкіншілік
        бар.
              Бірақ, қандай мақсат қойсақ та, 100 % жетуге болмайды, әрқашан оқушылардың ішінде білімді
        кейбіреулері шалағай қабылдайтындар табылады. Біз де - мұғалімдер – білімге жетелеу жолдарын әлі
        де  ізденісте. Сондықтан, оқушыларымызды «интернеттен ізде, сөздіктермен пайдалан, жақын-туы-
        стар, көршілер, достар арасында сауалнама жүргіз, байқау, бақылау, зерттеу тәсілдермен пайдалан»
        деген тапсырмалар берсек те, толық осы мақсатқа жетеміз деп айтуға болмайды;
              -тағы да осы жағдайда жеке оқытуға үлкен мүмкіншілік туындайды, өйткені балардың көбінесіне
        тапсырма беріп, тақырыпты ұқпаған баламен, нашар оқитын балалармен және де жақсы оқитын бала-
        лармен жеке жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік бар;
              - интернет-ресурстардың көпшілігінен мұғалім ең керекті, ыңғайлыларды таңдайды; көрнекті,
        әсерлі көрсетілімдік оқу-жабдығын таңдайды; оқу барысында видео- және де аудиоконтентті пайдала-
        нады; тағы да өз қолыммен жасаған көрнекілік құралды пайдалану болады; тағы да электоронды оқы-
        тудың плюсы - өткізген сабақты жазып алып, қанша рет керек болса, сонша рет қарауға болады, ол
        туралы балалар да, олардың туыстары да алдын-ала ескертілген;
              - соңғы артықшылық: балалар үшін осындай оқыту өте қызықты, ыңғайлы.
              Ал  енді  қашықтан  оқытудың  кемшіліктеріне  тоқтайық.  Олардың  ең  бастысы  әлеуметтік
        көрсетілімге байланысты. Өйткені әлеуметтік жағдай әр семьяда әртүрлі. Мысалы, менің әріптесімде
        екі оқушы бала бар. Өзі мұғалім, оған сабақ беру керек, екі балаға сабаққа қатысу керек. Ал қолданыста
        бір ғана телефон болғандықтан, карантин уақытында сабақ беру және де сабаққа қатысу қиыншылық
        туғызды. Не де болса ол қиыншылықты жеңіп, аман есен оқу жылын аяқтады, бірақ қаншама стресс
        өзі де, балалары да алды!
              Одан да басқа қиыншылықтары бар: дистанциондік оқытуда өзара дұрыс қарым-қатынас құру
        өте қиын, өйткені көп адам үшін (оның ішінде өзім де бар!) онлайн, интернет байланыс – жаңа өмірдің
        көрсеткіші. Комппьютермен бұрыннан бастап пайдалансам да, бірақ ол білім  - бастауыш сатыдағы
        білім деп айтуға болады екен, өйткені Word, Excel бағдарламалармен шектелетін. Осы төтенше жағдай
        барысында амалсыз қабылдаған Zoom, Сlassroom, Periskop байланыс бағдарламаларды мүлдем білмей-
        тін адамдар үшін компьютерлік сауаттылығымызды әжептәуір көтерсе  де, бірақ осы білімдерді де
        мұғалім онлайн форматында үйренді, сондықтан бұл білім кейбір адамда үстірт білім деп айтуға бо-
        лады (әрине, барлық әрітестеріме топырақ шашпаймын, бірақ менің қасымдағы мұғалімдердің көбі
        білімді онлайн емес, көзбе көз алуға үйренген адамбыз, сондықтан осы білімімізді күннен күнге дейін
        нақты  оқушылармен  байланысуда  –  қолданыста  -  тәжірибемізге  еңгіздік  деп  айтуға  болады).
        Сондықтан «мұғалім-оқушы» байланыс толық ұйымдастырылды деп ауызымыз бармайды. Бірақ осы
        төтенше жағдай қанша мұғалімдердің ой-cанасын қозғап, қалай тезірек осы онлайн оқытуды қабылдау,

                                                                                                              22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27