Page 21 - Просвещение 2020
P. 21

«Ағарту». «Просвещение» 2020



              Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып,
        оқушыларды  қашықтықтан  оқытуға  кірісті.  Ал  қашықтықта  оқу  үрдісінің  барлық  кезеңдерін
        қашықтық  форматқа  көшіруге  толығымен  мүмкіндік  береді.  Яғни,  қашықтықтан  оқыту  карантин
        жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр. Дегенмен, қашықтықтан оқыту оқу
        жүйесіндегі жаңа формат болғандықтан,
              Ұстаз бен ата-ана және оқушыларда қобалжу болған. Алғашқы аптада, ата-аналар, оқушылар
        тіпті мұғалімдер арасында түсініспеушіліктер болғаны рас. Балалардың байланысқа шығып, жаңа жүй-
        ені түсінуіне, қалыпты білім алудан жаңа жүйеге ыңғайлануы оңай болған жоқ. Бүгінде оқушылар
        берілген тапсырмаларға жауап беріп, кері байланыс орнатуға үйреніп те қалды. Сондықтан жаңа жүй-
        ені меңгеру біздер үшін де, оқушыларға да тиімді деп есептеймін. Жаңа білім беру ресурстары қазіргі
        таңдағы жаңашыл мұғалімнің күнделікті сабақты және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда тап-
        тырмас құралы.
              Əрине,  кез  келген оқыту  түрі  біржақты  бола бермейді.  Яғни, оның  өз  артықшылықтары  мен
        кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға
        қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын
        артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың бір-бірімен жеке
        байланысы аз, кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Себебі, біріншіден бір отбасында бірнеше
        оқушы  болған  жағдайда  бір  компьютер  мен  бір  смартфонды  пайдалану  ыңғайсыз  болуы  немесе
        қажетті техниканың мүлдем болмауы.
              Кейбіреулерде  интернет  байланысы  да  жоқтың  қасы.  Бұл  мәселелер  қазір  шешмін  табуда.
        Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы
        электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді
        дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықара-
        лық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді. Қашықтықтан оқыту технологи-
        ясының артықшылықтары:
               Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қол-
                 дану;
               Интерактивті әрекеттесу формалары;
               Сапалы білім алу;
               Уақытты үнемдеу;
               Ыңғайлы уақытта оқу;
               Территориялық шектеулер жоқ;
               Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
              Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін бе-
        реді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын еске-
        реді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді.
        Мұғалім  оқушыға  арналған  өзіндік  жұмыстарды,  тәрбиеге  қатысты  жұмыстарды  ұйымдастырумен
        шұғылданады.
              Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  қолдану  да  мұғалімнің  рөлі  арта  түседі  және  өзгереді.
        Қашықтықтықтан  оқыту  технологиясы  –  оқушы  дайындау  мен  олардың  біліктілігін  әрі  қарай  те-
        реңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және бола-
        шақта алатын орны орасан екені даусыз.
              Қашықтан  оқыту:  артықшылықтары,  кемшіліктері:  осы  сұрақ  қазіргі  таңда  мұғалімдердің
        көпшілігін мазалайды деп ойлаймын. Өйткені заманның сұранысы бойынша барлығымыз: компью-
        терлік  сауаттылығымыз  қандай  деңгейде  де  болса,  коронавирусқа  байланысты  карантинда,  түгел
        оймызбен осы мәселеге батып кеттік. Оқу тәртібі өзгерсе де, ұстаздың сабақтағы мақсаты өзгерген
        жоқ: берілген жағдайда оқушыға білімді жеткізу, білімге жолдарын көрсету, сол білімді өздік жұмыс
        арқылы табуға үйрету.
              Бір жақтан қарасақ, осы мәселе қашықтан оқыту жағдайда жақсы жүзеге асыру болады. Меніңше,
        қашықтан оқытудың артықшылықтары:


                                                                                                              21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26