Page 25 - Просвещение 2020
P. 25
«Ағарту». «Просвещение» 2020
1 деңгей (жеңіл) 2 деңгей (орташа) 3 деңгей (қиын)
Қоңырқайдың неше серігі бар? Ғаламшарлар Күнді қалай айна- Қоңырқайдың сақиналары қа-
лады? лай пайда болған?
Жағартылған бағдарлама бойынша әр сабаққа арнайы мақсат қойылып, сол мақсатқа сәйкес
тапсырмалар іріктеледі. Мысалы, сыныпта қазақ тілінен келесі үлгідегі мақсат берілген. Мақсат үлгісі:
4.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағыттал-
ған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру. Бұл сұрақтар жуан сұрақтар қата-
рына жатады. Ал жуан сұрақтарға жауап берудеоқытуға қабілеттігі төмен оқушылар қиналады. Атал-
ған мақсатқа сәйекс тапсырмаларды дайындауда саралау әдістері міндетті түрде қолданылуы тиіс.
Нақты осы мақсатқа келесі саралау тәсілдерін ұсынуға болады.
1 деңгей (жеңіл): сұрақтарды сатылап күрделендіру, яғни жуан сұраққа жетелеу.
Мысалы:
1.Мына шығарманың жанры қандай? (берілген үлгілерден таңдайды).
2. Оның ерекшеліктерін ата (берілген кестеден жанр ерекшеліктерін таңдайды).
3. Жауапты толтырады: Бұл шығарманың жанры (1 сұраққа жауап), себебі шығармада осы
жанрға тән ерекшеліктер бар: (2сұраққа жауап).
2 деңгей (орта): үлгі бойынша сұрақ құрастыру.
Бұл ғаламшар неліктен Қызылжұлдыз деп аталады? (асты сызылған сөздерді ауыстырады).
Бұл жұлдыз неліктен Жетіқарақшы деп аталады? Ал жауапты мәтіннен көшіріп жазғызуға
болады.
3 деңгей (күрделі): жағдаяттық тапсырма беріп, сұрақ құрастырып, оларға жауап беруді
тапсыруға болады.
Ойлау қабілеті мен қызығушылық деңгейі жоғары оқушымен жұмыс тиянақты жоспарлануы
керек. Оның, керісінше, жеңіл тапсырмалардан жалығып, қызығушылығы төмендеп кетуі де мүмкін.
Сондықтан қашықтан оқыту барысында оның қол астында ғаламтор мен басқа да қосымша дерек та-
батын құралдары болғандықтан, үлгідегі сұрақтар оған қызықты болып, ізденушілік қабілетін қалып-
тастырады.
Керісінше, ойлау қабілеті мен қызығушылық деңгейі төмен оқушыларға өзіне берілген сұрақ-
тарға табысты жауап беруіне ықпал етсе, ол жеткен жемісін көріп, өзіне деген сенімділік сезімі нығая
түседі.
Бұл әдісті ұстаздар жиі қолданады, алайда барлық балаға бірдей сұрақтар беріледі. Əр бала өз
деңгейіне қарай жартысына жауап береді де, қалғанына жауап бере алмай қалады. Осы сәтте баланың
ішкі сезіміне назар аудару қажет.
Жалпы оқыту тек қана білім беру ғана емес, оқытудың қиындығы – оның ішінде тәрбиелеу,
әлеуметтендіру үрдістерін ескеріп отырудың қажеттілігі. Егер ойлау қабілеті төмен балаға бәрімен
бірдей сұрақ беріп отырса, оның алаңдаушылық деңгейі арта түседі. Алаңдаушылық деңгейі жоғары
баланың болашақта оқуға қызығушылығының төмендеуі мәлім. Сонымен қатар оның өзіне деген се-
німділігі, өзін-өзі бағалау деңгейі төмендей түседі. Бұл жағдайдың бәрі болашақта табысты болуға
кедергі болуы әбден ықтимал.
Əр ұстаз оқушы алдында жауапкершілік танытуы міндетті. Сондықтан саралау қаншалықты
қиын болып, уақыт алса да, баланың табысты білім алуына ықпалы зор екенін ұмытпау керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. http://adilet.zan.kz . Государственная Программа "Цифровой Казахстан".
2.Кочубей Б.И., Новикова Е.В. Эмоциональная устойчивость школьника М.: Знание, 1988.
3. Қазақ тілі. 4 сынып 3-бөлім. Алматыкітап баспасы.2019 ж.
Стриканова Мария Евгеньевна
учитель математики
ГУ «Средняя школа № 8 отдела образования акимата г.Костаная»
25