Page 87 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 87
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
Бертлеуова Аймен Ниязгалиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақтөбе қаласы
«Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия» КММ
Жаңа ақпараттық технологияның маңызы
Оқытудың жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларын меңгеру-қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр-ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпарат-
тық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылымитехнологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қоғамдық ақпараттандыру процес-
терінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде
пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа
технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу
бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін
(есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік
қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынта-
сын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
«Білім-бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген
ағартушы, ғалым А.Байтұрсынов сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім
білі-мін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, мұғалімдігі де жой-
ылады» деген болатын. Сондықтан әр мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы. Қазақ-
стан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және аза-
маттық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын ен-
гізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» деп білім
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты
нәрсе – жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
-Адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды;
- Белсенділікті, қабілетті тұлғаны;
- Жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жанжақты болу керек. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму
деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық.
Дарынды ұстаз К.Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының бі-
лімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күшжігерін
тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Олай болса мұғалім өз сабағының жоғары мәнінде оқушының
қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді. Қазіргі күні жиі қолданылып
жүрген сегіз белсенді оқу тәсілдері. Оларды атап өтетін болсақ:
- «Белсенді оқыту»
- «Бірлескен оқу»
- «Саралау»
- «Пәнаралық байланыс»
- «Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру»
- «Оқу әңгімелері»
- «Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану» -
«Модельдеу»
Оқытудың белсендік стратегиялары арқылы тұлғаның тілдік дағдыларын және коммуникативтік
құзіреттілігін дамыту.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-ком-
муникациялық технологияларын кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақ-
параттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
87