Page 27 - Республиканский интерактивный журнал "Филолог" №1 2020
P. 27

«Филолог» №1 2020

                                         Метафора
                                         Эпитет Олицетво-
                                         рение

                                        2- группа выполняет кластер к слову
                                        «Зима»;
                                        3- группа составляет синквейн на тему         пятистишье
                                        Зима
                                        Прием «Верные и неверные
                                        утверждения» выявляет уровень усвое-          Учебник
                                        ния полученной информации на данном
                                        уроке.
             онец урока                 Упр. 8. (И) Укажите верные ответы.
                                        Ребята, выразите свои мысли в пись-
                                        менной речи о Чародейке Зиме
                                        Домашнее задание.
                                        Для самостоятельного изучения предлага-
                                        ется «УС».



                                              Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы
                                    Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Бірлік ауылы
                                      С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің
                                            қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
        Тау тұлға
        (Ауылдас аға,академик Қ.Оқаев туралы)
        Құрманғазы  топырағы-тектілердің  мекені.  Оған  дәлел  ұшан-теңіз.  Сондай  елге  елеулі,халыққа  қа-
        лаулы ел ағасы Қаби Оқаев осы топырақтың төл перзенті. Бұл кісінің есімі маған ыстық. Өйткені, ол
        кісі туылған Бірлік ауылында менде туылғам. Сол мақтаныш өзекті кернеп қолға қалам ұстадым.
        Оқаев  Қаби  Оқаұлы  1929  жылдың  қыркүйек айының  2 жұлдызында  Атырау  облысы,  Құрманғазы
        ауданы,Бірлік ауылында(бұрынғы Утеры) дүниеге келген.  Қ.О.Оқаевтың еңбек жолы бұрынғы Гурьев
        облысы (қазіргі Атырау) Денгиз ауданы Утеры селосындағы «Қызыл таң» колхозында колхозшы бо-
        лудан басталып, сол ауданның «Путь к коммунизму» колхозында бас бухгалтер қызметін атқаруға
        дейін жетті. Сол жылдардағы өндірістің бастапқы буынынан бастау алған еңбек жолы Қаби Оқаұлы
        үшін нағыз өмір мектебіне айналды. Сол кезден-ақ өзіне және айналысындағыларға қатал талап қоя
        білу, басқалардың қуанышын шын жүректен бөлісу, жанындағылардың мұң-қайғысына ортақтаса білу
        сияқты өмірлік ұстанымдар қалыптаса бастады.
        Қаби Оқаұлы елуінші жылдардың басында тез мерзімдік әскери қызметте жүріп, әскери және саяси
        қызметтің үздігі атанды, оған команда бөлімінің әртүрлі құттықтау хаттары мен марапаттау құжаттары
        тапсырылып, команда мен әріптестер арасында үлкен абыройға ие бола білді. Әскери бөлім орналас-
        қан Иркутск облысындағы Братск аудандық комсомол комитеті пленумына мүше болып сайланады.
        Соғыс кезінде үзіліп қалған оқуды әскерде жүріп Братск қаласындағы жұмысшы жастардың кешкі
        мектебінде жалғастырады.
              Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау шағында қарапайым колхозшыдан басталып, одан
        кейін өзі білім алған қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 жыл бойы шыңда-
        лудан өткен Қаби Оқаұлы ел аузында «Нархоз» деп айтылып кеткен, бүгіндегі республикамыздағы
        беделді білім ордасы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің шаңырағын кө-
        теруге, уығын шаншуға, түптеп келгенде, бұл оқу орнының көшбасшылар арасынан көрінуіне есепсіз
        тер төкті.
        Жиырма жылдан астам уақыт Алматы халық шаруашылығы институтында, кейіннен Қазақ мемлекет-
        тік экономикалық университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ
        экономикалық университеті болып қайта аталған осы оқу орнында екі ірі факультетті және отыз жыл

                                                                                                              27
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32