Page 50 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 50
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
сәйкес келетін шекте жүргізеді. Мұғалім әңгімені жүргізеді («қа-
лың сұрақтар»: неліктен екенін түсіндір, сен неге солай деп ой-
лайсың, неге олай санайсың, айырмашылығы неде, біз уақыт-
тында істерді орындамасақ не болар екен, неліктен олай түсін-
дір)
Оқушылар үйде дайындаған тапсырмаларын айтып шығады.
Әр топтан кейін айтылған пікірлер талқыланады, оқушылар ке-
лісу/келіспеу себептерін айтады, жауаптарын толықтырып оты-
рады.
Кері байланыс.
Тыңдаған топтардың кері байланысы.
Сабақ соңы Рефлексия. Үлестірме
5 мин «Синквейн» қағаз
Сабақ қандай болды?
Сабақ не істейді? Үйретеді, тәрбиелейді, бағыт береді, тәлім-тәр-
бие береді, ғибрат береді, нұсқа береді, білім береді...
4 сөзден құрылған сөйлем.
Синоним. Дәріс
Мұғалімнің қорынды сөзі.
Өз уақытымызды ұтымды пайдалана білдік пе?
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір
уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз
уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған
кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз
заңдылығы бар.
Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-
жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тір-
кестері бағзы заманнан қалыптасқан.
«Уақыт - емші», «уақыт - төреші» деген де бар. Осылайша,
ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасие-
тін ұрпақтарына жеткізуді қалаған. Уақытты зая кетіру - ең ауыр
өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен ай-
ырылып қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана біл-
генде ғана көздеген мақсатына жете алмақ.
Бүгінгі сабағымызды М. Мақатаевтың сөзімен аяқтағым ке-
леді:
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды бұл өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет! Келесі кез-
дескенше сау-саламат болайық!
Наурзалина Асел Талгатовна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақтөбе қаласы
«Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия» КММ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Табиғат – ортақ үйіміз»
Күні: Мектеп: Ақтөбе қаласы, 17 мектеп-гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Наурзалина А.Т.
Сынып: 4 «Е» Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Бөлім атауы Қоршаған орта
50