Page 52 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 52
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
Сабақтың ортасы 1. Жаңа сөздермен жұмыс
(30 минут) Киік – сайгак
Марал – олень
Қорғау – защищать
Мал дәрігері – ветеринарный врач
Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрау
Аудиовизуалды тыңдалым не туралы
екенін сурет арқылы болжау
2. Аудиовизуалды тыңдалым.
Біздер орманды алқапта тұрамыз. Менің атым – Балнұр. Мен мектепке
көлікпен барамын. Бүгін үйге қонақ келеді. Әжем екеуміз бақшада дастар-
қан жайдық. Қонаққа кімдер келеді деп ойлайсыңдар?
Әнуар мен Сәулет –менің сыныптастарым. Аулада Әнуар мен Сәулет
әлденеден қашып жүр. Балалар неден қорықты? Киік пен маралдың лақтары
оларға емес әжеме жүгіріп келеді екен. Күн сайын олар осы шелектен су
ішеді ғой. Бұл жануарлар неге мұнда жүр деп ойлайсыздар ғой?
Менің анам – мал дәрігері. Ол жараланған жануарларға көмек көрсе-
теді. Ал менің әкем кім деп ойлайсыңдар? Менің әкем – орманшы. Арғы
аталарым да орманшы болған. Табиғатты қорғау – отбасымыздың атакәсібі.
Олар неге дастарқанға келмей жатыр?
Достарымды әкем үйден ертіп шықты. Олар кішкентай жолбарыстың
күшіктерінен қорқыпты.
Айтылым.
«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы топтар бір-біріне
мәтін бойынша сұрақ қояды (доп лақтыру арқылы).
1. Балнұр қандай жерде тұрады?
Балнұр орманды алқапта тұрады.
2. Балнұрдың ата-анасы кім болып жұмыс істейді?
Анасы – мал дәрігері, әкесі – орманшы.
3. Балнұрдың үйінде қандай жабайы жануарлар бар?
Балнұрдың үйінде киік, марал, кішкентай жолбарыс бар.
4. Балнұрдың отбасын «табиғат қорғаушылары», - деп айтуға бола ма?
Балнұрдың отбасын «табиғат қорғаушылары», - деуге болады.
5. Табиғатты қалай қорғау керек?
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Су құйғанда өседі.
3. Жазылым
«Кубизм» әдісі арқылы көріп тыңдаған мәтін бойынша кубикті лақтыру
барысында түскен сөйлемдерді толықтырады.
1. Киік – ірі... (жануар).
2. Маралдың бойы киікке қарағанда... (ұзындау).
3. Менің анам ... болып жұмыс жасайды(мал дәрігері).
4. ... – өте әдемі жануар(Марал).
52