Page 56 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 56
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
Бүгінгі күні барлық алдыңғы қатарлы елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Осы-
ған орай біздің елімізде де жоғары сапалы білім жүйесіне көшуге бағытталған білім мазмұнын жаңарту
шаралары іске асырылуда. Өйткені, бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының па-
расаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан
бұл процестің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Осы бағытта білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру
педагогтердің шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамы-
туда жаңа технологияны қолданудың маңызы зор. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы –
оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті,
жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен
бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Таным-
дық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдықгуманитарлық
білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы
жайлы ғылыми - синтездік білім беру болып табылады. Кіріктіріп оқыту ұстанымдары кіріктіріп оқы-
тудың басты мақсатына – оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған.
Яғни:
1. Білімдердің синтезі. Оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген түрде қабылдау оқушы-
ның ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетін
белсенділігі мен мақсаттылығын дамытады.
2. Оқу материалын тереңдету. Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды ойлауға ықпал етеді.
3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу материалын меңгеру
барысында практикалық мәселені шешу оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын
тұрғысынан ойлауын, теория мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады.
4. Баламалы шешім. Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені ерекше шеше алу,
шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұш-
қырлығын, сын тұрғысынан ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады. Оқушылардың дұ-
рыс шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жол жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау
қабілеттері арта түседі.
5. Шешімнің дәлелдігі. Мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады [3]. Кіріктірілген білім
бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз
не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының
пәндік концепцияларға сай әртүрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып
кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары
туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу
сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу процесінде пәндерді кіріктіріп оқыту:
- ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
- оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық про-
цесіне бақылау жасауға;
- білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы
тұрғысынан жүзеге асыруға;
- танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
- сабақ процесінде өтілетін тақырыптың күнделікті өмірмен тікелей байланысына мән беруге; -
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; - олардың алған білімдерін өмірде қолдана білуле-
ріне көмектеседі [5].
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – оқушыларды шығармашылықпен
жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-
56