Page 57 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 57
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
ақ ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын (газет-журналдар, т.б.) сын тұрғы-
сынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып,
білім әлеміне жол ашады.
Кіріктірілген сабақтар келесі дидактикалық шарттар арқылы жүзеге асырылады:
- пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі, оның өзекті болуы;
- сабаққа дайындалу кезінде мұғалімдердің тығыз ынтымақтаста болуы;
- сабақтың әр кезеңінде ойлау әрекетінің белсенділігін артуы және міндетті түрде кері байланыс-
тың болуы;
- жалпы әдісті қолдану негізінде сабақтың әр бөліктерінің арасында сабақтастықтың болуы [1].
Мұғалім оқушыларының мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы психологиялық
ахуалды жақсы білуі керек. Бұл мұғалімге пәнаралық байланысты қандай әдістәсілдер арқылы іске
асыруға болатынын шешуге көмек болады.
Төрт дағдыға бағытталған тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі
мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- күнделікті тақырыптар аясында және таңдау тақырыбына байланысты: ғылыми және т.б. белгілі
бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;
- ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны жалғастыру;
- ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі баяндау;
- әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктері ерекшеліктерін түсіне білу және бағалау;
- бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну;
- тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну; -
мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;
- тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тап-
сырма үлгілері:
- қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі таңдағы газетжурналдар,
қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және
т.б.;
- көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу, ақпараттарды
алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу үшін оқу; - кітапқа ауызша және жаз-
баша шолу жасау;
-интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайын-
дау); - мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; «Қазақ
тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін
жазу;
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру; - әдеби шығармадағы жаңа сөз-
дерден сөздік құрастыру;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; -ақпаратты суреттер мен
сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру; -сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы:
1. Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде сабақтың мақсаты, міндеті, негізгі білім анықталады.
2. Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады. Сабақтың бұл бөлігі
вариативті, өйткені оқытудың түрлі әдіс-тәсілін, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру фор-
маларын қолдануды және мұғалім тарапынан педагогикалық шеберлікті талап етеді.
3. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын бағалау, үй тапсырмасын
белгілеу. Мұғалім сабақты жоспарламас бұрын мақсатын анықтап алады, сол мақсатқа қол жеткізу
үшін сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп алады. Жаңартылған білім мазмұны негізінде
білім жүйесінің жаңа болмысы қалыптасуда. Білім берудің әдіс-тәсілдері түбегейлі өзгеруіне байла-
нысты инновациялық процестің қарқындылығы артуда. Бүгінгі күннің талабы – ұстаздық әрекеттің
57