Page 45 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 45
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
Топқа бөлініп, әнді тыңдап болған соң, мұғалім оқушылардан суреттер мен әннің
бөлімізге қандай қатысы болуы мүмкіндігін сұрайды.
Тақырыпты болжайды.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Сабақтың Топтық жұмыс
ортасы Оқылымалды тапсырмасы топқа бесік туралы пікірлер таратылып, астарлы
3 минут мағынасын табуға жұмыстандыру.
1-топ. Ел болам десең, бесігіңді түзе!
2-топ. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ғылым үйрену мұсылманға парыз»
3- топ. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?»
Оқылым тапсырмасы
Топтарға ғаламтор желісінен алынған мәтін таратылады. Мәтінді оқып, топ-
пен талдап, маңызды 3 маңызды ақпаратты анықтайды.
1-топ.
Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап
10 минут тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дым-
қылдығын өлшеп тұрады.
Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық батарейкамен-
ақ қозғала беретін бесік ойлап тапқан астаналық жас өнертапқыш көпшілік жас қа-
зақ отбасыларының мұқтаждығын дөп басқандай.23 жастағы Серікбол Шәймардан
– Қытайдың Алтай өлкесінің тумасы. Қазақстанға 2007 жылы көшіп келген. Орта
мектепті Өскемен қаласында бітіріп, 2009 жылы Астанадағы Еуразия ұлттық уни-
верситетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түседі. Қазір осы оқу орнында
магистратурада оқиды. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмса-
ған. Өзінің айтуынша, Қытайда оқып жүргенде физикадан мектепаралық өнертап-
қыштар жарысы өтіп, жасап апарған бесігінің алғашқы нұсқасы үшін жүлделі орын
алады.
2- топ.
«Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 сантиметр болатын, стандарт
бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе бесікті орнататын жиналмалы тұғыр. Қа-
лыпқа арнайы Қытайда тапсырыспен жасалған қондырғы қойылады. Ал бесіктің
өзіне магнит орналастырылады. Соның арқасында бесік 5 режим бойынша ақырын
я жылдам тербеледі. Тербетілу уақытын 90 минутқа дейін созуға болады» деп си-
паттады ол құрылғысын Азаттық тілшісіне. Серікболдың бесігінде баланың күйінен
хабар беретін бірнеше құрылғы бар екені байқалады. Оның бірі бөбектің дене қы-
зуын бақыласа, екіншісі жөргектің ылғалдығын анықтайды. Егер баланың қызуы
бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Ба-
лаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтылады. Бесік тербетілгенде қон-
дырғыға енгізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады.
3- топ.
«Smart Бесік ата-анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы болса дей-
мін. Алдағы уақытта қондырғы жадындағы «Бесік жырларының» санын арттыруды
ойлап жүрмін. Ол үшін бірнеше әншінің келісімін алдым» дейді өнертапқыш.
Серікболдың айтуынша, қазірдің өзінде Smart Бесікке жер-жерден тапсырыстар тү-
сіп жатыр. «Smart Бесік» жобасына ат қоюға көмектескен және тұтынушы ретінде
қызығушылық танытқандардың бірі – ақтаулық блогер Тимур Бектұр.
«Өзім IT маман ретінде жаңашылдық атаулыға қатты қызығамын. Серікболдың
Smart Бесік құрастырып жатқанын білемін. Оның үстіне, бесікке жататын 5 айлық
45