Page 69 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 69
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
-қосымша мәліметтер береді.
Сабақ түсіндірген кезде оқушыға көп күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, тиянақты білім
алуына мүмкіндіктер туғызамын. Жаңа технологияларды үйрену кезінде әрбір педагог инновациялық
технологияларды меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Бұл техноло-
гиялар сабақтың сапалы, қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Қазіргі таңда тиімді технологиялардың
бірі топқа бөліп күрделі тапсырмаларды бірігіп, ұжым болып орындауға ықпалын тигізеді. Мәселен,
оқушылар 4 топқа бөлінеді. Осы төрт топқа Абай Құнанбайұлының бір шығармасы бойынша бірінші
топ берілген өлеңнің идеясын анықтайтын болса, келесі топтар көркемдеуіш құралдарын, қара сөз-
дердің мағынасын ашып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куб-
бизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған
сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай
топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын
жүзеге асырамын. Осы кезеңде «Түртіп алу кестесі» бойынша да жұмыс жасау арқылы қорытынды
шығаруға болады. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ойтолғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын
қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқу-
шылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат»,
яғни пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылар-
дың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың
өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп ойлаймын.
Сабақ кезінде үнемі қолдануға болатын технология -сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш
құрылымнан тұрады:
-қызығушылықты ояту;
-мағынаны тану;
-ой-толғаныс.
Аталмыш айтылған технологиялар әдіс-тәсілдерде мектеп оқушыларының сабаққа деген ынта-
сын, білім сапасын арттыруға үлкен үлесін қосады деген ойдамын. Бұл әдістердің нәтижесінен мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, оқушының сабаққа деген қызығушылығының артқанын
байқадым.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі жаңа технология талаптары оқушыларға көркем шығарманы,
ондағы айтылған ойды, оның қоғамдық санамен байланысын, жазушы ұстанған бағытты, мақсатты
түйсіне, ұғына, талдай білуге, сол арқылы өзіндік пікірін қалыптастыруға, әрбір әдеби құбылыс жө-
нінде өз ойын айта білуге, өздігінен оқыған шығармаларын сырттың көмегінсіз дұрыс саралай тануға
жетелейді. Ол белгілі бір жүйе арқылы әдеби шығармаларды оқыту, талдау, өзіндік дербес жұмыс-
тарды жүргізу барысында ғана жүзеге аспақ. Іздендіруші, дамытушы, танымдық сауалдар мен тапсыр-
малар ғана көркем шығарманы жүйелі талдауға негіз болады және проблемалық жағдай туғызуға түр-
ткі жасайды. Көркем шығараманың тіл байлығын оқыту мен талдауды, оның неғұрлым тиімді жолда-
рына даралап оқыту, саралап оқыту, проблемалық ізденіспен оқыту т.б жатады. Даралап оқытуда оқу-
шының жеке басының қабілетінің даму деңгейі ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың әдістерін, тәсілде-
рін тандап оқыту үрдістерін айтады. Проблемалық әдіспен оқытуда көзделетін мақсат – оқушылардың
сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Проблемалық оқыту – оқушының бұрыннан
меңгерген біліміне сүйеніп, мәселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды шығармашылық ше-
шімді, дербес әрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Осы тұрғыдан келгенде,
оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі өте қолайлы.
Мәселен, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесін алатын болсақ, «Кубизм» әдісі арқылы
Қожаның образын ашуға болады.
Кубиктің алты жағы бар.
1. Қолданыңыз не жоққа шағарыңыз.
2. Суреттеңіз (түрі,түсі,көлемі).
3. Салыстырыңыз.
4. Саралаңыз.
5. Ойыңызбен байланыстырыңыз.
6. Қолданыңыз.
Кубикті игергенде қай жағы түссе, соған жауап береді.
69