Page 70 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 70
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
1- топқа тапсырма: Қожа беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу.
1.Бұл Қожаның емес, көрші колхоздағы комбайыншы жігіт Қаратайдың бейнесі.
2. Суреттеу (оқушының өз суреттемесі)
Қожа тентек, бұзақы, көңілді,тапқыр бала.
3. Салыстыру (Мәтіннен тауып алу керек)
«- Қожа тәртіпсіз!
-Қожа оңбаған!
Осылайша шу көтеріп, даңғазалап алып кеп жөнеледі.
2. «Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайында жүр.Сенің тентегіңді менен басқа еш-
кімде көтермейді.
Біреудің ала жібін аттаушы болма» (Анасы Миллат).
3. «-Біреуді-біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап- сыпсындағыш»
(Жантас).
4. Саралау: жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесі мен жақсы сезіне біледі. Балдәурен әсе-
рінің қаймағын бұзбай ақиқатынан алшақтамай балаларға тән қиялдарды тебірене толғайды. Қожа бей-
несі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Зерек, алғыр, ақкөңіл, қоршаған ортасын ба-
қылай алатын бала туралы жазылған. Алдына қойған мақсатын оң көзімен қарамайтын, ұмытып кете-
тін бала болып өседі.
Повестегі басты қаһарман Қожаның бейнесі жоғарыдағы үш мысалда да ұқсас берілген. Қожа
қанша жерден сотқар, бас бұзар, тентек болса да өзге балаларға ұқсамайтын асқақ ерекше кейіпкер.
5.Ойыңызбен байланыстыру: Балалар әдебиетінің бағбаны Бердібек Соқпақбаевтың бұл туын-
дысы қайта оралмас кіршіксіз таза балалық шақтың балаң көрінісін бұлтартпай суреттеген соңғы шы-
ғарма. Автордың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым-Қожа» шығармалары балалар әдебиетіндегі
қайталанбас туындылар.
6.Қолданыңыз: Шығармадағы Қожа портретін бейнелеуде қолданылған сөздерді пайдаланып,
сыныпта отырған бір оқушыны сипаттап беруге болады. Көркем шығарманы талдауда көзделетін не-
гізгі мақсат – шығарманың идеялық- тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік ерекшеліктерін түсіне
білу болып табылады.
Мектепте көркем шығарманың тіл байлығын оқыту да бұл мақсаттан алшақ кетпейді. Керісінше,
оқушылардың көркем әдебиетті оқып үйрену мен ана тілге деген көзқарасын, жалпы ой – өрісін, сөз
өнеріне деген ынтасын қалыптастыруға қызмет етеді. Мектепте көркем шығарманың тіл байлығын
оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың тіл жұтаңдығын жою, қазақ тілінің бай қорымен сусындату,
қаламгерлердің жазушылық шеберліктерінің сырын таныту, балалардың әдеби мәтінмен жұмыс жасау
дағдысын қалыптастыру, сол негізде көркем сөздің ерекшелігін таныту болмады. Мектепте көркем
шығарманың тілін талдап оқыту үшін барынша жаңа технологиялар мен әдістерді пайдаланған жөн.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кө-
мектеседі. Сонымен, қорыта келгенде, орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа
технологияларды пайдалану мұгалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін бұдан да кем емес.
Сөйтіп, осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен-күнге білімге деген ынтасы артады,
олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге тырысады, өз-өздерін бағалап, өз күшіне деген се-
німділік пайда болады, оқудың мақсатын түсіне бастайды және осының бәрі оқушының жеке тұлға
ретінде дамуына үлкен әсер етеді.
Закиржанова Елена Анатольевна
Заместитель директор по УВР
КГУ «Средняя общеобразовательная школа-гимназия №17»
г.Актобе
Выявление и психологическое сопровождение одаренных детей
В реализации качественного преобразования воспитательного и образовательного процесса од-
ним из актуальных проблем является развитие внутреннего потенциала и раннее выявление одаренно-
сти детей. Выявление одаренности необходимо начинать уже в дошкольном детстве. Это сензитивный
период для развития творческих способностей. Каждый ребенок имеет индивидуальные особенности
70